Тарихы

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Инфракос"
Республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

 

"Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Байқоңыр" кешенінің Ресей Федерациясы жалға алған объектілерінің құрамына кірмеген және одан шығарылған объектілерінің мүліктері негізінде 1996 жылғы 8 қаңтардағы №27 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес құрылды.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты мен міндеттері болып табылатындар:
- "Байқоңыр" кешенінің Ресей Федерациясы жалға алғандардың құрамына кірмеген және одан шығарылған объектілерінің сақталуын және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету;
- Байқоңыр" кешенінің Ресей Федерациясы жалға алғандардың құрамына кірмеген және одан шығарылған объектілерге табиғатты қорғау іс-шараларын жүзеге асыру.
Ресей Федерациясы жалға алған "Байқоңыр" кешенінің құрамынан шығарылған,  құрамына кірмеген объектілердің, сонымен бірге басқада инфрақұрылымдарының ғылыми-техникалық және өндірістік мүмкіндіктерін дамыту және нәтижелі пайдалану. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 11 шілдедегі №946 Қаулысына сәйкес "Инфракос" РМК-на істен шыққан зымыран-ғарыштық техниканың және жер үсті жүйелерінің, бұзылған ғимараттардың  элементтері мен есептен шығарылған техникалардың жекеленген тораптарының және тетіктерінің, түсті, қара және құнды металл сынықтары мен қалдықтарын әзірлеу, сақтау, қайта өңдеу және сату құқығы берілген.
Аталған мүліктерді сатудан түскен қаражатты объектілерді күзету мен ұстауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың конверсиялау жобаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға жұмсауға рұқсат етілген.
 "Инфракос" РМК құрылғанынан бергі 20 жыл уақыт оның "Байқоңыр" кешеніндегі Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізу субъектісі ретінде қалыптасуы мен дамуы және өркендеу кезеңі болып саналады.
Кәсіорынды әр жылдарда А.С.Абдужапаров, Н.В.Коваленко, Б.С.Есмағамбетов, Р.С.Нұртаев, Д.Ж. Нұрымбетов басқарды. 2014 жылдан бастап "Инфракос" РМК Бас директоры Ажмолдаев Мағауия Әділжанұлы.    

 

Байконыр қ., Қазақстан Республикасы

Мира көшесі, 13 А үй

тел.: 8 (33622) 71647

факс: 70143

e-mail: post@infracos.kz

Жаңалықтар

Жаңа оқу жылында 250-ден астам ауылдық мектептің оқушылары жоғары жылдамдықты Интернетпен қамтамасыз етілді

Бүгінгі күні 250-ден астам мектеп пен 200-ге жуық аурухана жоғары жылдамдықты интернетке қосылған. Бұл үшін...

Қазақстанда Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтарын ірі тораптық құрастыру жүзеге асырылады

Бүгін Астанада ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ, «№ 405...

Асқар Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды

2018 жылы 26 желтоқсанда Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан...