Қазақстан Парамаунт Инжиниринг «KADEX-2018» көрмесінде жаңа буындағы броньды дөңгелекті машиналарды көрсетеді

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС – еліміздің қорғаныс өнеркәсібі көшбасшыларының бірі алдағы «KADEX-2018» халықаралық көрмесінде жаңа буындағы броньды дөңгелекті машиналармен (БДМ)

таңдандырмақ. Кәсіпорын «Барыс» броньды машинасының 6х6 және 8х8 дөңгелекті формуласындағы үлгілерін, сонымен қатар 4х4 дөңгелекті формуласындағы «Арлан» және «Алан» броневиктерін көрсетеді.

Егер «Барыс 8х8» алдыңғы «KADEX-2016» көрмесінде ресейлік «АУ-220М» жауынгерлік модуліне орналасқан 57-мм автоматты зеңбірегімен көрсетілсе, осы жылы БДМ отандық өндіруші «КАЕ» ЖШС әскери модулімен көрмеге қойылады. Екі жылдық зауыттық және көрсетілімдік сынақтардың нәтижесінде «Барыс 8х8» бірқатар конструкторлық, техникалық және тактикалық өзгерістерден өтті.

«Барыс 6х6» екі жыл бойына өткен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардан кейін 82-А БТР-інің тұрақтандырылған зеңбіректік-пулеметті қару-жарағымен сәйкестендірілген жауынгерлік бөлімшесімен көрсетіледі.

Көрменің қонақтары ең танымал қазақстандық броньды машина «Арланды» әртүрлі үлгіде, мысалы: «САРП» жауынгерлік модулімен, қосарланған 7,62 мм ПКТ пулеметі орнатылған «САРП-С» жетілдірілген жауынгерлік модулімен және барлау қондырғысымен көре алады.

Кәсіпорын алғаш рет көрмеде көпмақсатқа арналған «Алан» БДМ көрсетпек. Машина әртүрлі міндетті атқаруға, мәселен: құқықтық тәртіпті сақтау, арнайы жасақ және айрықша әрекет ету тобының операциясына, ішкі қауіпсіздікке, шекараны шолғындауға және қарулы қақтығысты жоюға арналған.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС Орталық Азиядағы отандық бірегей және инновациялық кәсіпорын болып табылады. Зауытта шығарылатын броньды машиналар ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сай және өзінің кейбір тактикалық-техникалық көрсеткіштері жағынан шетелдік аналогтардан асып түседі. Қазақстандық броньды машиналардың ерекшеліктері олардың сенімділігінде, мобильділігінде және мықты қорғанысында.

Кәсіпорын «Арлан» БДМ және «Алан» БДМ Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігіне және басқа да әлеуетті мекемелерге жеткізу туралы мемлекеттік тапсырысты табысты орындауда.

Айта кету керек, қазақстандық армияны қаруландыруға қабылданған «Арлан» броньды дөңгелекті машиналары көрме кезінде техноалаңда өтетін көрсетілімдерге қатысады.

Қазғарыштың баспасөз қызметі

Новости

О ПРОВЕДЕНИИ ЭЛЕКТРОННЫХ ТОРГОВ

ВНИМАНИЕ! Решением Совета директоров АО «Информационно-учетный центр» от 27 января 2021 года (Протокол №...

На Байконуре вводится в эксплуатацию новый досмотровый пункт

На Байконуре для более эффективного обеспечения безопасности в местах пребывания официальных делегаций, туристических групп и...

Республика Казахстан, г. Байконыр,

ул. Мира, дом 13А

тел.: 8 (33622) 71647

факс: 70143

e-mail: post@infracos.kz